2.09.2015, 15:43
Оқылды: 45

Волейболдан ардагерлер арасындағы облыстық турнир

JAnakala voleibol    Кеше Жаңақала ауданындағы жаңадан бой көтерген мектеп-гимназияның спорт залында волейболдан ардагерлер арасындаоблыстық турнр өтті.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жарысқа Жаңақала, Ақжайық, Казталов аудандарынан 6 команда қатысты. 

Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкен, ҚХА БҚО бойынша төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов, аудан әкімі Л.Хайретдинов арнайы қатысып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Елбасымыздың бұқаралық спортты дамыту бағытында қойған міндеттеріне орай республика көлемінде, соның ішінде өңірімізде түрлі шаралар өтуде. Бүгінгі жарыс соның бір дәлелі деуге болады. Волейбол-көпшілік сүйіп ойнайтын спорт түрі. Спортты жанына серік еткендердің дені сау, болашаққа көзқарасы жақсы, ісі мығым, бәсекеге қабілетті болары анық. Міне, осындай жандар еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосары белгілі. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін,-деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасарыБ.Мәкен.

Тартысқа толы сайыс нәтижесінде Жаңақала командасы бас жүлдені еншілесе, казталовтықтар мен ақжайықтықтар қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті. Ал аталымдар бойыншаүздік ардагер спортшы номинациясымен жаңақалалық Асқар Беляшев марапатталып, жеңімпаздар командаларға кубок пен ақшалай сыйлықтар берілді.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале