18.12.2015, 19:20
Оқылды: 16

Волейболдан Ақжайық ауданы әкімінің жүлдесін «ҚазТрансОйл» командасы иеленді

 Akjayik voleibol  Ұлы мереке күндері Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта  аудан әкімінің жүлдесі үшін волейболдан ерлер командалары арасында ашық турнир ұйымдастырылды. Оған қатысушы ойыншылар мен жанкүйер көрермендерді аудан әкімі Әділ Жоламанов пен БҚО волейбол федерациясының атқарушы директоры Темірхан Елубаев құттықтады.


Биылғымен екінші рет өткізілген бұл дүбірлі бәскелерге Ақтөбеден мұнай және газ колледжі, Оралдан «ҚазТрансОйл», облысымыздың Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Қазталов, Зеленов, Жәнібек аудандары мен Ақжайық ауданы әкімдігі, Ақжол, Базаршолан, Бударин ауылдары, ІІБ және «Жігер» спорт клубының командалары қатысты.

Егер былтыр 10 команда арасынан зеленовтықтар топжарса, биыл «ҚазТрансОйлдың» ойыншылары І орынды иеленді. ІІ орынды алаң иелері – Ақжайық ауданы, ІІІ орынды Ақтөбелік колледж командасы еншіледі. Естелік сыйлықтар мен аталымдар бойынша марапаттар тапсырылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале