3.07.2015, 18:56
Оқылды: 15

Волейболдан қыздар арасында «Еуро-Азия» - 2015 халықаралық біріншілігі өтуде

Sportivni kompleks 05  Зашаған кентінде жаңадан ашылған спорт кешенін аралап көрген қонақтар волейболдан қыздар арасында «Еуро-Азия» - 2015 халықаралық біріншілігінің ашылу салтанатына қатысты. Жарысқа Венгрия елінің Дебрецен қаласынан, Ресейдің Нефтекамск, Самара, Қазан, Набережные Челны қалаларынан келген командалармен қатар Орал қаласынан қыздар құрамасы қатысуда.

Қала тұрғындары мен спортшыларды құттықтаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев:  «Осыдан бірер жыл бұрын осы Арман ықшамауданының орны ен дала болатын. Аз уақыттың ішінде көп қабатты тұрғын үйлер, мектептер мен балабақша, ауруханалар салынып, бүгінде әсем ауданға айналды. Бүгінгі ашылған спорт кешені де соның айғағы. Мұның барлығы - Елбасы қолдауымен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі деп есептеймін. Жаңадан ашылып отырған спорт кешені жас жеткіншектердің арманына қанат бітіріп, еліміздің абыройын асқақтатар даңқты спортшылар тәрбиелеуде мол септігін тигізеді деп сенемін»,- деді. Жарыстың алғашқы добын соғу құрметі облыс басшысына берілді.

Спорт кешенінің директоры Шоқан Кеңесовтың айтуынша, бұл ғимаратта зашағандық тұрғындармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың да спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале