15.05.2015, 11:57
Оқылды: 17

Волейболшылардың аудандық турнирі өтті

Bbokei02   Ауған соғысында қаза тапқан «Қызыл Жұлдыз» орденді жауынгер Зүлзала Жиенәлиевті еске алуға арналған волейболшылардың дәстүрлі аудандық турнирі ол түлеп ұшқан Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің алдында салтанатпен ашылды. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жұртшылықты мерекелермен құттықтап, Зүлзаланың анасы Мұқсина апаға, жарыстың бас демеушісі Сағындық Сәрсеновке ескерткіш сыйлық табыстады.

    Жеребе тасталған соң 2 топқа бөлініп, айналым жүйесі бойынша ойын басталды. Сайқын, Бисен, Бөрлі ауылдық округі мен шекарашылар командалары І топта, Саралжын, Мұратсай ауылдық округі мен Жиекқұм ауылы командалары ІІ топта бақ сынады. І топтан Сайқын ауылдық округі мен Шекара командасы, ІІ топтан Саралжын мен Мұратсай ауылдық округі финалдық кезеңге жолдама алды.

  Турнир қорытындысында І орынға саралжындықтар қол жеткізсе, ІІ орын сайқындықтарға, ІІІ орын мұратсайлықтарға бұйырды. Жақсы ойын көрсеткен Қ.Төлешев «Үздік тосқауыл қоюшы», Н.Бисенбаев «Үздік ойыншы», Д.Рамазанов «Үздік ұйымдастырушы», С.Саматов «Үздік шабуылшы», Н.Әбілхатин «Үздік төреші» атанды.

www.zhaikpress.kz

М.МҮДІРІСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале