8.12.2015, 12:45
Оқылды: 40

Волейболшылардың кезекті жүлдесі

Janibek boleiboldin jyldesi      Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай волейболдан ерлер командалары арасында Батыс Қазақстан облысының кубогы үшін турнир ұйымдастырылды.


 

Жарысқа Орал қаласы, Жәнібек, Зеленов, Тасқала, Жаңақала, Бөрлі, Ақжайық, Бөкей Ордасы, Қазталов аудандарының волейболшылары қатысып, өзара бақ сынасты. Ала допты алақанда иірген біздің ауданның спортшылары нәтижелі ойын көрсетіп, 2-орынды қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, біздің ауданның волейболшысы Нұрболат Хисин доп додасының «Үздік шабуылшы» аталымын жеңіп алды.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале