6.04.2016, 12:07
Оқылды: 28

Волейболшылар жетістігі

Bokei voleibolshilar jetistigi     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, Орал қаласында волейбол мен үстел теннисінен оздырылған Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасындағы облыстық «Денсаулық» спартакиадасында Бөкей Ордасы ұстаздар командасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, волейболдан жүлделі І орынды жеңіп алды.


     Осынау дүбірлі ойын қорытындысында команда мүшесі, «Ер Төстік» балабақшасының қызметкері Ақжүніс Нұрланова «Үздік ойыншы» аталымына ие болып, заттай сыйлықпен марапатталды.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале