4.07.2016, 16:38
Оқылды: 39

«Грация кз» көш бастап келеді

Gracia   Астана күніне орай қаламыздағы ОЖСШМ спорт залында 2000-2001 жылдары туылған қыздар арасында «Еура-Азия-2016» қалаларық турнирі басталды.

   Биыл осымен төртінші мәрте ұйымдастырылп отырған спорт додасына 6 команда қатысуда. Оның бесеуі ресейліктер. Яғни Қазан, Набержные Челны, Пермь, Самара, Соль-Илецк шаһарынан келген командалар. Ал еліміздің намысын оралдық «Грация кз» қорғауда.


 Негізінен бұл жарыста еліміздің құрама командасы және республикамыздың өзге де өңірлерінен командалар келуі керек болатын. Алайды түрлі себептерге байланысты олар келе алмапты.

   -2-7 шілде аралағында болатын бұл турнирдің мақсаты - резервтік құрамның бабын бағалау. Сол себепті мұнда негізінен эксперементалды құрамдағы қыздар келді. Біздің қыздар Пермь мен Соль-Илецкден келген қарсыластырын жеңіп, әзірге турнир кестесінде көш бастап келеді. Алда әлі үш ойын бар. Қыздарымыз ел намысын асқақтады деп сенеміз,-дейді «Грация кз» командасының бапкері Көлеңке Ғұбашев.

www.zhaikpress.kz
Мәди ЫҚЫЛАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале