3.11.2016, 18:05
Оқылды: 80

Грек-рим күресінің жеңімпаздары белгілі болды

%d0%b3%d1%80%d0%b5%d0%ba-%d1%80%d0%b8%d0%bc-%d0%ba%d2%af%d1%80%d0%b5%d1%81%d1%96  Грек-рим күресінен Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевті еске алуға арналған республикалық турнир өткенін хабарлағанын болатынбыз. Жарыс 1997-1999 және 2000-2002  жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан келген және біздің өңірден  қатысқан балғын палуандардың боз кілемде белдесуі екі күнге созылды.


Қара күш пен қайсарлықты, асқан ептілікті қажет ететін белдесулерде жасөспірім палуандар бар қажыр-қайратын аямады. Грек-рим күресіне қатысқандар арасында Мирланбек Амангелдиев (Орал қаласы, 39 кг), Абай Жасимов (Орал қаласы, 42 кг),  Бейбарыс Қуаныш (Орал қаласы, 46 кг), Нұржан Рзагүлов (Ақтөбе облысы, 50 кг), Сәбит Түгелтаев (Орал қаласы, 54 кг), Бексұлтан Мұратов (Ақтөбе облысы, 58 кг), Сұлтанбек Елемес (Орал қаласы, 60 кг), Төлеген Тілепқалиев (Теректі ауданы, 63 кг), Әбдірахман  Аймахан (Ақтөбе облысы, 66 кг), Нұрбек Ғабдуалиев (Бөрлі ауданы, 69 кг), Әлішер Бакесов (Бөрлі ауданы, 76 кг), Аян Жәрдем (Орал қаласы, 85) өз салмақ дәрежелері бойынша ешкімге есе жібермеді. Турнир қорытындысында жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен төсбелгілер және бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале