19.09.2016, 17:09
Оқылды: 30

ГҮЛГЕ ҒАШЫҚ ҒАРИФА

%d0%b3%d1%83%d0%bbГүл өсірген жан сұлулыққа әуес болатыны, көңіл күйі көтеріңкі жүретін, жайдары мінезді болып келетіні бар. Оның үстіне бөлме гүлдерінің үйге жылулық сыйлайтын қасиеті де жоқ емес. Гүлді әдетте жаны нәзік, көбіне ой шығармашылығымен айналысатын, әдемілікке, сұлулыққа құштар, сырын сыртқа шашпайтын адамдар жақсы көреді екен. Осындай жаны нәзік, сұлулыққа жаны құштар жанның бірі – Бозоба ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ғарифа Мырзағалиева.

Ғарифа Халесқызы  өз әңгімесінде былай дейді:

-Мен гүлдерді, әсіресе, бөлме өсімдіктерін ерекше жақсы көремін. Ауыл кітапханасын безендіру мақсатында гүл өсіруді 2001 жылдан бастап қолға алдым. Қазір кітапхана бөлмесінде қытай гүлі, түйетабан шырмауық, лилия , барқытгүл, хош иісті гүл, хоя, рио,  қарапайым шырмауық, хиорофитум, синадениум, долмар, әйел бақыты, ақша гүл, фикус, драцена сынды түрлері өсіп тұр. Гүлдің адамның көңілін сүйсіндіретін, жаныңды жадырататын ерекше қасиеті бар. Үйде де, кеңседе де гүлдерім баршылық. Гүл нәзіктіктің, сұлулықтың, тіпті тазалықтың символы десе де болады. Кейде бір ғимараттарға барасың. Жап-жас, әп-әдемі қыздар сұп-сұр кеңседе сұп-сұр боп отыра береді. Ал сол жерге екі-үш құты гүл қойсаң, кеңсе қалай жарқырап кетер еді, — дейді.

Егер аудандағы кітапханалар  арасында бөлме гүлдері сайысын өткізсе, Бозоба ауылдық кітапханасы бас жүлде алары анық.

Ал, гүлзар баққа айналған кітапхана оқырмандары мұндай орыннан тек рухани байлық алып қана қоймай, сұлулыққа сүйсініп қайтарлары сөзсіз.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале