10.06.2015, 16:10
Оқылды: 33

Далалық шөп жанды


фотоЖәнібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» 20-ӨСБ-нің кезекші байланыс пунктіне 2015 жылғы маусым айының 08 күні 12 сағат 32 минутта, Батыс Қазақстан облысы Борсы ауылдық округінің әкімі А.Беккалиевадан осы ауылдық округ аумағында дала жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Сол бойда орын алған жануды сөндіруге құрамында 21 адам, екі МТЗ-80 тракторы су тасымалдағыш тіркемесімен, 3 УАЗ және 1 жеңіл автокөлігі бар Борсы ауылдық округінің ерікті өртке қарсы құрамасы аттандырылды.

Тез арада, дұрыс алынған шешім нәтижесінде, далалық жану сол күнгі 16 сағат 45 минутта жойылды. Орын алған далалық жану салдарынан Борсы ауылына және ауылдық округке қарасты Қаракөлен, Қарашкөлен, Вышка, Полигон қыстақтарының 201 гектар жердің құрғақ шөбі жойылған. Далалық жану кезінде адамдардың материалдық шығын және жарақат алу оқиғасы тіркелген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале