27.06.2016, 17:56
Оқылды: 26

Дамуы даңғыл дүкен  

damuy dangyl dukenТерекі ауданының Федоров ауылдық округінде жаңа нысан ашылды.


«Тайыр» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Арлан» дүкені өз жұмысын қолға алды. Сауда орнының іші кең, таза, азық-түлік пен күнделікті қажетті жабдықтардың барлығы бар. Келушілер саны да күннен-күнге артуда.

  • Дүкен ашуды бұрыннан жоспарлап жүргенбіз. Ғимараттың салынуына, құжаттарының реттелуіне толық 1 жыл уақыт кетті. Бұрын-соңды жолдасым екеуміз көкөністер мен жеміс-жидектерді үйдің жанында, кейде базарда сататынбыз. Осылайша, еңбекпен тапқан бар қаржымызды жинадық. Саудамен айналысу туралы ойымызды тума-туыс бірауыздан қолдап, көмек көрсетті. Кәсіпкерлігімді үлкен баламның, ал ғимаратты кенжетайдың атымен атадық. Тауарларды Орал қаласындағы «Дастархан» сауда үйінен алып, үстінен 15% мөлшерінде тиын-тебен қосамыз. Аз уақыт ішінде кәсібіміздің тасы өрге домалай кетті деп айта алмаймын. Дегенмен, шүкіршілік етеміз. Болашақта мемлекеттік қолдау бағдарламасымен берілетін несиенің көмегіне жүгініп, ісімізді кеңейткіміз келеді, – дейді дүкен иесі Гүлбаршын Мухтубаева.

Дариға ДЖУМАЕВА, зейнеткер:Дүкеннің есігі таңғы сағат 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін айқара ашық тұрады. Кез келген сәтте қажеттілігіңді сатып аласың. Қашан кірсең де, қанша таңдап тұрсаң да сатушы үнемі сыпайылық танытады. Тауарлардың бағалары да көңілге қонымды. «Арланға» кірмеген болсаңыз, бір күні міндетті түрде барыңыз. Сіздің де көңіліңізден шығатынына сенімдімін.

 

www.zhaikpress.kz
Күлімхан Махметқызы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале