27.11.2015, 20:30
Оқылды: 16

Даму көкжиегін айқындайды

Janibek ylt jospari damu kok jiegi   Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде Елбасының халықтық реформасында көрсетілген 100 нақты қадамды жүзеге асыруды талқылаған  жиын оздырылып, оған бірқатар мекемелердің басшылары, қызметкерлері қатысты.


Жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесшісі, аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Жанар Қошанова мен Мирлан Үркінов реформаның мән-маңызына тоқталып, 5 халықтық бағыттан тұратын Ұлт Жоспарын, Елбасының тәуелсіздік алған жылдардан бергі еліміздің дамуына қосқан үлесін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің сарабдал саясаты туралы жан-жақты баян етті. Ақпараттық-насихат тобының мүшелері, сондай-ақ жиынға қатысушылардың сауалдарына нақты жауаптар берді.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале