2.03.2016, 11:43
Оқылды: 24

«Даму» қоры арқылы 104 жобаға кепілдік берілген  

NurjanБұл туралы ОКҚ БҚО филиалында өткен баспасөз мәслихатында  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалының субсидиялау және кепілдендіру бойынша бас менеджер Калишанов Нұржан Бауыржанұлы мәлімдеді.

«Даму» қоры арқылы кепілдендіру бойынша 104 жобаға берілген, кепілдендірілген несие көлемі 3097 млн. теңгені құрады. Субсидияланатын жобалардың құрамында салалар көлік және қоймалау 38,8%, өңдеуші өндіріс 28,6%,  тау-кен өндіру өнеркәсібі 7,14%, сондай-ақ денсаулық саласындағы жобалардың көлемі 7,14% басым болды.


Әрбір 3-ші субсидияланатын жоба әйел кәсіпкерлермен жүзеге асуда, ал мемлекеттік қолдау аясында 103 әйел-кәсіпкер өз бизнес-жобаларын жүзеге асырды. Аймақта мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы барысында 2015 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ДБ АҚ «Сбербанк» және «ВТБ Банк» АҚ, «Дельта банк» АҚ банктері ең белсенді қатысқан банктер қатарынан көрінді.

«БЖК 2020» Бірыңғай бағдарламасының қаржылай емес қолдау жобаларын Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Мобильді қолдау орталығы тарапынан жүзеге асыруы бойынша келесі көрсеткіштер нәтижесі мынадай болды:

2013 жылы Даму Қоры еліміздің барлық аймақтарында  кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік әлеуеті бар халыққа «бір терезе» режимінде қайтарымсыз кешенді сервистік қызмет көрсету үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашты. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысындағы Кәсіпкеркерлерге қызмет көрсету орталығында кәсіпкерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар бойынша қызметтер, «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ мемлекеттік қолдау құралдары мен маркетинг, бухгалтерлік пен салықтық есептілік және заң саласы бойынша сұрақтар жөніндегі қызметтер тегін көрсетіледі.

Бизнес-жоспар жасау жөніндегі мамандар кеңестік қызметпен қатар  тегін түрде кәсіпкерлерге бизнес-жоспар жасап,  «БЖК 2020» ББ аясында екінші деңгейлі банктерден қаржыландыруға қол жеткізу үшін сүйемелдеу қызметін де көрсетеді. Облыс тұрғындарына өткен жылы КҚКО кеңесшілері 4846 қызмет көрсетті, 2013 жылдан бері бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға барлығы 8368 мамандандырылған көмек  көрсетілген. Кәсіпкерлікті Мобильді қолдау орталығы 2015 жылы Батыс Қазақстан облысының барлық алыс ауылдық округтерін аралап, жергілікті халыққа 1500 қызмет көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале