2.03.2016, 12:05
Оқылды: 25

«Даму» қоры биыл кәсіпкерлікті қолдау мақсатында екі оқыту бағдарламасын іске қосты  

 

Screenshot_2016-03-02-11-28-32-1Бұл жөнінде ОКҚ БҚО филиалында өткен баспасөз мәслихатында  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалының құзіретті арттыру бағдарламалары жөніндегі менеджері Арнольд Әсел Махамбетқызы баяндады.


 

Әсел Махамбетқызының айтуынша, кәсіпкерлік әлеует пен құзіретті арттыру бағыты бойынша 2015 жылы кәсіпкерлер арнайы бизнес-тренингтерден өткен:

- «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында - 15 ЖКС (бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бері -81);

- «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша -14 ЖКС (бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бері -53);

- «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңінде Германияға бір айлық тегін бизнес-тәжірибелік сапарға ара өнімін өндіру жобасы бойынша ЖК «Дара жан» Мұхамбетқалиева Гүлжан Мәжитқызы барып келді (бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бері -11;)

- «Аға сеньорлар» компоненті аясында Нидерландыдан 2 сарапшы шақыртылды (бағдарлама жүзеге асырылғалы бері облысымызда 6 маман болды).

2016 жылы Даму Қоры АҚ БҚО бойынша аймақтық филиалы «БЖК 2020» ББ аясында кәсіпкерлердің жобасын қаржыландыруды арттыруды көздеп отыр.

Даму қоры тұрақты негізде мемлекеттік Бизнесті қолдау және дамытудың  Бірыңғай бағдарламасы «Бизнес жол картасы 2020» бағдарлама туралы бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлерге қатысуға және ақпарат беруге Облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен  бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Үстіміздегі жылдан бастап «Даму» қоры кәсіпкерлік ниеттегі халықтың кәсіпкерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған «Жаңа ашылған бизнесті қолдау» және «Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» оқыту бағдарламаларын іске қосты. Бағдарламалар шеңберінде тәлімгерлік институты енгізілетін болады. Бұл курстар тек теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Егер «Даму» қоры осыған дейін тек қана бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерге курс өткізіп келсе, жаңа жобалар аясында қатысушыларды жаңа бизнес ашуға дейін сүйемелдеп, алған білімдерін сол бизнесті дамытуға бағыттауға жоспарлайды. Осы бағытта аймақтық филиал тарапынан табысты кәсіпкерлердің қатысуымен жүйелі түрде  мамандандырылған арнайы оқыту-семинарлар ұйымдастырылып отырады. Олар, мысалы, балабақша, шаштараз, полиграфиялық немесе жиһаз цехын ашуға ниетті бастаушы кәсіпкерлерге арнап, бизнес жүргізудің қыр-сырын түсіндіру мақсатында семинарлар ұйымдастырылып, табысқа қол жеткізген кәсіпкерлер шеберлік сағаттарын жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.

«Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы шеңберінде бизнесті жүргізу және ашу бойынша практикалық және тоериялық курстар өткізуге Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-мен өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық меморандумына  қол қойылды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале