12.08.2015, 20:00
Оқылды: 22

Дарияндағы басқосу

ДарьинскДариян ауылындағы Шолохов  мұражайында  БҚО Қазақстан  халқы Ассамблеясының  ғылыми-сарапшылық  тобының  көшпелі отырысы өтті.

Басқосудың негізгі мақсаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам" Ұлт жоспарын халық арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.

Зеленов ауданы әкімінің орынбасары А. Досжанов төрағалық еткен жиын барысында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ. Қапақов  «100 нақты қадам» бағдарламасында  жүктелген Елбасының  нақты тапсырмаларын тарқата айтып берді.

Жоғарыда аталған реформаны іске асырудың да бірнеше сатылары айқындалған. Оның алғашқысы - "Мәңгілік ел" патриоттық актісін әзірлеу, екіншісі - Қазақстан халқы Ассамблеясының "Үлкен ел - үлкен отбасы" ауқымды жобасын іске асыру. Одан кейін азаматтық біртектілікті нығайту жөніндегі "Менің елім" ұлттық жобасын  дайындау, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілету, "Нұрлы  болашақ" жобасын іске асыру болып табылады.

Кездесуде одан әрі БҚО ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық топ мүшелері М. Өтемісов атындағы мониторинг және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы, философия ғылымының кандидаты П. Добряев, БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, "Дос" қоғамдық қорының төрайымы В. Шохина, М. Өтемісов атындағы ҚХА кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы В. Саловтар сөз сөйлеп,  пікірлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

«Орал өңірі»

Зеленов  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале