28.10.2015, 16:04
Оқылды: 27

Дастархан басындағы жылы жүздесу  

 

дастарханБүгін Жалпақтал ауылының «Ақниет» мейрамханасында ауданымыздың ардагерлеріне дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.

Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қазыналы қарттарымыздың еңбек жолдары бір-бір том кітап болатындығын тілге тиек етіп, жас ұрпаққа мың жылдық үлгі боларлық істерін алға тартып, әлі де болса кейінгі буын өкілдеріне ақыл кеңестеріңізді беріп, еліміздің өркендеуіне аянбай еңбектеріңізді қоса беріңіздер деген тілегін жеткізді.

Дастархан басында ардагерлеріміз әңгіме-дүкен құрып, арқа-жарқа болып, емін-еркін сырласып, бір жадырап қалды.

Жүздесу соңында Жалпақтал ауылының құрметті азаматы, дербес зейнеткер Шәріп Хайруллин ақ батасын беріп, елімізге тыныштық, ырыс-ынтымақ тіледі.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале