15.10.2015, 10:35
Оқылды: 32

Дастарқан басындағы мерекелік шара

дастарханҚамқорлық айлығы аясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Қаратөбе ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

«Шыңғыс» мейрамханасында өткен мерекелік кездесуге Қаратөбе, Шөптікөл, Үшағаш, Соналы елді мекендерден 130 қария шақырту алды.

Қазыналы қарттарды аудан әкімі Асхат Шахаров,  аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Орынғали Ермекқалиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Сайлау Фазылов, аудандық мәслихат хатшысы Батырғали Тойшыбаев, ЗТМО Қаратөбе аудандық пошта бөлімшесінің бастығы Сағима Далабаевалар құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған мерекелік дастарқан басында қарияларымыз бір-бірлерін көріп, арқа-жарқа болып, әңгіме айтып, ән салып, би билеп, мәдениет қызметкерлерінің сазды әндерін, күмбірлеген күйлерін тыңдап, бір марқайып қалды.

Шара соңында қарияларға сыйлықтар таратылды.

                 www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

 «Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале