20.03.2016, 8:05
Оқылды: 34

Дауыс беру басталды

Screenshot_2016-03-20-08-31-42-1Бүгін Тасқала ауданы бойынша таңғы сағат 7 де аудандық мәдени-демалыс орталығында орналасқан №330 сайлау учаскесінде салтанатты түрде дауыс беру басталды.


 

Screenshot_2016-03-20-08-30-26-1Алдымен еліміздің Гимні ойналып, аудан әкімі С.Әлиев құттықтау сөз сөйледі.

Одан соң тұрғындар өз таңдауларын жасап, қалаған кандидаттарына дауыс берді. Олардың қатарында шекарашылар мен алғаш рет дауыс беретіндер, сондай-ақ мекеме ұйым басшылары бар.

Screenshot_2016-03-20-08-31-51-1Сайлау қарқыны жаман емес. Жалпы учаске бойынша 1094 адам дауыс беру керек болса, жарты сағат ішінде тұрғындардың 10 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале