30.11.2015, 20:07
Оқылды: 12

Дағдарыстың ауылы алыс

Terekti podstepni pikir   ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдаулары өзіндік маңызымен ерекше. Бірақ биылғы Жолдау тіптен бөлек. Себебі дүйім халық әлемдік дағдарыстың сыпсыңы мен салқынын естіп һәм сезініп үлгеріп жатқан сәтте Елбасының халықпен тілдесуі өте-мөте орынды екенін айтқым келеді.

Тікелей эфирден Жолдауды тыңдаған сәтімде алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаспын. Ия, Елбасымыздың данышпандығы мен көрегенділігі, алыстан ойлайтын  ғадеті мен сабырлы кейпі тәнті етпей қоймайды. Мен егемен елдің еңсе көтерген ақсақалы ретінде келешекте жасалатын жұмыстарды естіп, қатты қуанып қалдым.


 

Айналайын халқым! Дағдарыстың ауылы біз үшін алыс екен. Құр дабыра тудырып, әлек болудың түкке қажеті жоқ. Алдағы жылы барлық бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы өседі,  студенттеріміз жоғары стипендия алатын болады. Сонымен қатар әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақы жоғарылайды. Осыларды естіп отырып,  дағдарыс деген ұғым  біздің елге жат екені  айқын сезіледі. Осы жұмыстардың жасалу керектігін Елбасы үкіметке тапсырды. Бір қуантқаны Елбасы әр жолдауында еліміздің болашағы іспеттес  жастарды ұмыт қалдырмайды. Техникалық оқу алдағы жылдары тегін болады деген сәтте жастардың қалай қуанғанын елестетіп көрдім.

Ия, ғаламдағы сұмдықтар мен жаһандағы жағдаяттардың  орын алуы жүрекке ауыр тиеді. Олардың сынықтары  елімізге шашырамасын деп тілеп жүреміз. Н.Әбішұлы елдегі бай-шекпенділерді Отанымызға қызмет жасауға шақырып, байлықтың мәңгі болмасын  әсерлі айтып өтті. Шетелдік инвесторларды елімізге тартып, салық санын азайтуды ұсынды. Айта берсек, бұл Жолдаудың маңызды тұстары өте көп. Ал ең бастысы, аталмыш Жолдау халықтың еңсесін көтеріп, келешекке деген үмітін қайта оятты. Міне, сонысымен Елбасымыздың Жолдауы құнды, сонысымен бағалы.

Болашақта бізді және біздің ұрпақтарымызды  кедейлік емес, бай және бақуатты ғұмыр күтіп тұрғаны Жаратқанға мәлім. Себебі біздің бағымызға Н.Ә.Назарбаевтай саясаткер бұйырды. Елбасы өз сөзінде халықтың батасын алғаннан артық бақыт жоқ деп атап өтіп еді. Осы Жолдау арқылы Елбасымыз күллі қазақстандықтардың батасына ие болғаны жасырын емес. «Баталы ер арымас» демекші, батамен көгеріп жүрген Елбасымыздың жүрегімізге сенім ұялатқаны ,ертеңімізге нық қадам бастыруға шақырғаны  зор қуаныш!

www.zhaikpress.kz

Бақытжан Сисенғалиев

Подстепный ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале