14.12.2015, 17:05
Оқылды: 20

Дағдарысты жеңіп шығамыз

 Zelenov dagdaristi jenip sh   Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жариялады.

   Жолдауды ұжым болып тыңдадық. Елбасы жаҺандық дағдарыстан шығудың қиын кезеңінде жаңа мүмкіндіктер мен нақты бағыт-бағдарымызды айқындап берді. Жалпы дағдарыстың дабырмен емес, сабырмен шешілетінін баса айтты.

   Дағдарыс кезеңіне қарамастан келер жылдан бастап денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау және бюджеттік сала қызметкерлері еңбекақысының өсетіндігі көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар әлеуметтік жәрдемақылар мен студенттердің шәкіртақысын көтеруде жоспардан қалыс қалмады. Жалпыға бірдей зейнетақы да ұлғаймақ. Осының бәрі Елбасының сындарлы саясатының айқын нәтижесі деп білемін.                   


   Елбасы биылғы Жолдауында да білім саласына ерекше мән беріп, осы саланың қызметкерлеріне жаңа бағыттар мен міндеттерді жаңашылдықпен  атқаруды жүктеп отыр.

   Сонымен бірге, ел келешегі жастарға үлкен сенім артты. 2017 жылдан бастап елімізде баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім тегін берілмекші. Мектепті аяқтап, жоғары немесе арнаулы орта білім ала алмаған жастар бастапқыда техникалық-кәсіптік мамандық алып, азамат ретінде қалыптасып, еліне сүбелі үлесін қосар тұлғаға  айналмақ. Яғни, жұмысшы мамандығының беделі көтеріліп және шаруашылықтың барлық салаларындағы жұмысшы кадрлар даярланады. Бұл жоба Жолдаудағы жаңаша бастамалардың бірі, әрі маңыздысы деп есептеймін.                  Қорыта айтқанда, басты міндетіміз Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүйелей орындасақ, кез келген тығырық пен дағдарысты жеңіп шығамыз.

 www.zhaikpress.kz

Белес мектебінің директоры

Азамат Майемер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале