26.10.2015, 16:00
Оқылды: 39

Дельфий ойындарының фестивалінде

Республикалық Ұлттық жастар Дельфий ойындарының фестивалі Ақжайық ауданындағы балалар шығармашылық орталығы үшін сүйінші хабар жеткізді.дельфий

«Фотоөнері» бойынша фотоәуесқой үйірмесі мүшесі Нұржан  Тілепберген  қола медаль (жетекшісі Сәкен Абулхайыров), «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша «Дизайнер» үйірмесінің мүшесі Дулат Дендер алтын медаль (жетекшісі Данияр Ізбасаров ) иеленді, «Қолөнер » аталымы бойынша «Жас зергер» үйірмесі мүшесі Аслан Өтеген дипломант (жетекшісі Тимур Сүлеймен) атанды.

Фестивальға шәкірттер бейнелеу бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған суреттерін, қолөнерден ұлттық зергерлік әшекей бұйымдарын жасап апарды. Ал фотоөнер бойынша ҚХА-ның 20 жылдығына арналған тақырыптағы туындыларын ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале