13.11.2015, 14:15
Оқылды: 25

Демеушілік көрсетіп, басылымдарға жаздырды

JAnibek demeushilik korsetu   «Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының ауқымында Жәнібек ауданындағы Борсы ауылдық бастауыш партия ұйымының төрайымы, ауылдық округ әкімі Айгүл Бекқалиеваның қолдауымен ауылдағы кітапхананың жанынан жақында ардагерлер бөлмесі ашылмақ. Бүгінгі таңдағы баспасөзге жазылу науқанына орай осы ауылдағы «Марал» ШҚ жетекшісі Марал Әбілов ашылғалы жатырған ардагерлер бөлмесіне демеушілік танытып, ардагерлер үшін «Ардагер айнасы», «Ардагер және қоғам», сондай-ақ аудандағы бетке ұстар «Шұғыла» қоғамдық-саяси басылымдарын жаздырды.

www.zhaikpress.kz

Жәнібек ауданы

                                                                          Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале