19.11.2015, 10:26
Оқылды: 22

Денсаулық мәселесі басты назарда болуы тиіс

Karatobe shtab otirisi01   Қаратөбе аудандық орталық аурухана базасында аудан бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі кеңейтілген штаб отырысы оздырылды.

Аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов төрағалық еткен отырысқа ауылдық округ әкімдері, сала мамандары, дәрігерлер қатысты.

Күн тәртібіне қойылған мәселелерге орай аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Зейіл Мағзомов, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Мағия Аманжанова хабарлама жасады.

Бас дәрігер З.Мағзомовтың баяндамасында көрсетілгендей, демографиялық көрсеткіш бағытында аудан бойынша 2015 жылдың 10 айында 211 әйел босанып, 206 бала тірі туылған. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 4,5 пайызды көрсетіп, 72 жағдай тіркелген.

Оған басты себеп тыныс алу мен ас қорыту ағзаларының, жүрек-қан тамыр жүйесі, қатерлі ісік аурулары мен жарақаттану және улану салдары.

- Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларынан болған өлім-жітімді жас шамасына қарай талдау жасайтын болсақ, төрт адам еңбекке қабілетті жастағы, 7 адам зейнеткер жасындағы адам санатын құрайды.

Туберкулез ауруын анықтау мақсатында 2015 жылы флюорографиялық тексеруден өткізуге жоспарланған 8995 адамның 8834-і тексеруден өткен.

Саламатты өмір салты бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде тұрғындардың болжамды өмірін арттыруға қол жеткізуге бағытталған саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті жұмыс істейді. Оның шеңберінде кең ауқымды акция мен айлықтар, онкүндіктер өткізіліп, оған 26288 адам қамтылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Ұзақ өмір сүруің - өз қолында», «Белсенді ұзақ өмірмен 100 жылдықты тойлаймыз!» ұранымен Денсаулық фестивалі, «Өмір, сен маған қымбатсың!» ұранымен оқушылар мен жастар арасында  нашақорлық пен ЖҚТБ-ға қарсы кең ауқымды акция өткізілді.

Жалпы аудан бойынша 56 денсаулық мектебі жұмыс жасайды.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соңғы үш жылда ауданға жоғарғы білімді 10 жас маман келді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, қызметтік пәтермен 3 дәрігер қамтылды. 10 орта буынды медицина қызметкерлері қызметке кірісіп, оның 4-еуі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үймен қамтылды, - дейді аурухананың бас дәрігері Зейіл Жөкенұлы.

Отырыста көтерілген мәселелерге орай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Аманша Төлеуов, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев ой-пікірлерін ортаға салды.

Штаб төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Сатқан Ержанұлы денсаулық сақтау саласы бойынша тұрғындардың денсаулығын нығайтуда ауқымды жұмыстардың жалғаса беретіндігін жеткізді.

Karatobe shtab otirisi02

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале