16.06.2016, 14:03
Оқылды: 20

ДЕНСАУЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

????????????????????????????????????

Өткен сенбі  аудан орталығындағы Орталық стадионда салауаттылықты насихаттауға арналған шара өтті.


Аудандық «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен оздырылған дәстүрлі «Денсаулық фестивалі-2016» спартакиадасына  12 ауылдық округ пен Өлеңті ауылынан 100-ге жуық ардагер спортшылар қатысып,  спорттың 8 түрі бойынша өзара сайысқа түсті. Стадиондағы мәнді шара еліміздің әнұранымен басталды. Содан соң жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Галимов құттықтады. Мұны өткізудегі негізгі мақсатымыз тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елбасының бұқаралық спортты дамыту турасында берілген тапсырмасын орындауға ат салысу  дейді ұйымдастырушылар.

«Бірінші байлық-денсаулық». Осындай ұранмен Сырым ауданында спортшы ардагерлер арасындаоздырылған денсаулық фестивалінің қорытындысы бойыншаЖетікөл ауылының командасы ІІІ орын иеленсе, ІІ орынды Қособа ауылының құрама командасы, ал жүлделі І орынды Жымпиты ауылының командасы жеңіп алды. Орталық алаңда мәре сызығын қиған ардагер споршылар салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуда мұндай шаралардың берері көп дейді.

www.zhaikpress.kz
Үміт Жәңгірова
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале