1.09.2015, 8:43
Оқылды: 42

Дені саудың – жаны сау

Janibek ata zan sport 02    Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне орай аудан мекеме қызметкерлері, жастар арасында, даму мүмкіндігі шектеулі жандар, еркін ниет білдіруші ауыл тұрғындары арасында спорттық шаралар оздырылды.

Жарыстың мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халқына арналған Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту тапсырмаларын іс жүзінде орындау, аудан спортының имиджін көтеру, саламатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпаққа үлгі өнеге көрсету болып табылады.

Шара алдында аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуаналиев сөз алып:

-Құрметті жерлестер! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдын 20 жыл бұрын Елбасымыздың ұсынысымен Ата Заңымыз қабылданып, ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Конституция – ұлттың құндылығын айқындайтын басты құжат болып табылады. Елімізде ұдайы бірлік пен береке болуының кепілі, - дей келе жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Ақтоты Ешматова «Ұлы елім» әнін орындап, белсенді жастар флешмоб билегеннен соң, спорттық жарыстар да басталып кетті. Нәтижесі төмендегідей:

Ерлер арасында веложарыс: 1-орын. Қайрат Жұмағұлов(Қазпочта), 2-орын. Нұрлыбек Хаирлиев(Жәнібек колледжі), 3-орын. Қанат Оспанов(Т.Жароков ат.мектеп); Қыздар арасында веложарыс: 1-орын. Ульяна Сүйнешова(№1 мектеп), 2-орын. Құралай Мақсотова(аудандық МТЖО), 3-орын. Айжан Еспембетова(аудандық білім беру бөлімі); Ересектер арасында жүгіру(1000 метр): 1-орын. Тілек Досқалиев(Жәнібектегі 2036 әскери бөлімі), 2-орын. Нұрлыбек Губайдуллин(колледж), 3-орын. Бауыржан Аронов(Жәнібек жастары командасы); Ерлер арасында марафон(2000 метр): 1-орын. Азамат Ізмұхамбетов(Жәнібектегі 2036 әскери бөлімі), 2-орын. Ғабит Қабекенов(Жәнібектегі 2036 әскери бөлімі) 3-орын(аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі); Әйелдер арасында жүгіру(500 метр): 1-орын. Анаргүл Сариева(№1 мектеп), 2-орын. Айнұр Арыстанғалиева(Жәнібектегі 2036 әскери бөлімі), 3-орын. Айнұр Оспанова; Қыздар арасында марафон(1000 метр): 1-орын. Әйгерім Абайқызы(«Алтын ұя» бөбекжайы), 2-орын. Айжан Шадимова(колледж), 3-орын. Рима Бапақова(А.Оразбаева ат.мектеп); Қол күресі: 1-орын. Сағынбек Атаев(аудандық орталық аурухана), 2-орын. Бейбіт Аронов(Жәнібек жастары командасы), 3-орын. Ғизат Баширов(Жәнібектегі 2036 әскери бөлімі); Арқан тарту: 1-орын. Жәнібектегі 2036 әскери бөлімі, 2-орын.Аудан әкімдігі, 3-орын. Аудандық туризм және экология орталығы мен аудандық МТЖО.

 www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале