13.08.2015, 19:11
Оқылды: 46

Дептутаттар әкім есебін тыңдады

Каратобе акимҚаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс 34-ші сессиясы өтіп, онда аудан әкімі Асхат Шахаров  ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданда атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, күні бүгін қолға алынған және болашақта атқарылмақ жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында мал басының өсімі байқалады. 2015 жылға жоспарланған 90860 тонна мал азығының бүгінгі таңда 40 пайызы орындалды. Жыл басынан бері 8 жаңа трактор, 3 трактор тіркемесі алынды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың алты айында 45 жас маманға 6243,3 мың теңге көтерме жәрдемақы, 20 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 56403 мың теңге несие берілген.

Кәсіпкерлік саласы бойынша да атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше жаңа нысандар пайдалануға беріліп,  жұмыс орындары ашылды.

Басқа да салаларда атқарылған істерге тоқталып, алда атқарылар істердің бұдан да ауқымды екендігін жеткізген аудан басшысы әрі қарай да бірлесе жұмыстануға шақырды.

Сессия аудан әкімінің есебіне оң бағасын  берді. Сонымен қатар сессияда аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетовтің «Қаратөбе ауданының «2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарламасы тыңдалып, бекітілді. Аудандық мәслихаттың жекелеген шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

   www.zhaikpress.kz

Нұрлан МЕҢДЕШОВ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале