6.10.2016, 17:19
Оқылды: 33

Депутаттыққа үміткерлер тіркеуден өтті

brifing  Батыс Қазақстан облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орына сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу мерзімі ағымдағы жылдың бесінші қазанында аяқталды.


         Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан орталық коммуникациялар қызметі облыстық филиалының алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Жасұлан Нұрғожин хабарлады.

         -«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 101-бабына сәйкес мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау наурыз айының немесе қазан айының соңғы жексенбісінде өткізілуі тиіс. Осыған орай, Сырым ауданында шығып қалған депутаттың орнына сайлау 2016 жылдың 30 қазанына тағайындалып отыр. Жоғарда аталған қаулымен бекітілген іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бойынша үміткерлерді ұсыну, тіркеу 2016 жылғы 31 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін жүргізіліп, 5 қазанда аяқталды. Айта кетейік, Сырым аудандық мәслихатына Сарой сайлау округі бойынша депутаттыққа сайланған Серік Мүтиев өз еркімен өкілеттілігін тоқтатқан болатын. Бүгінгі таңда бос депутаттық орынға төрт адам ұсынылып, тіркеуден өтті. Олардың үшеуі өзін-өзі ұсынған болса, бір кандидатты «НұрОтан»  партиясы ұсынып отыр. Олардың төртеуі де Сырым аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде тіркелді. Округтық сайлау комиссиясы өзінің хаттамасымен үміткерлердің ҚР Конституциясында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтады. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 6 қазанда басталып, 28 қазан күні түнгі сағат 24.00 де аяқталады. Үгіт-насихат жұмыстарына Сырым аудандық әкімдігінің қаулысымен арнайы орындар белгіленді. Барлық үміткерлерге өздерінің сайлаушыларымен кездесулер өткізу үшін тең дәрежеде жағдайлар жасалған. Сайлау Сырым ауданының №6 Сарой сайлау округі бойынша өткізіледі.  Сайлауға үш учаскелік, бір округтық, бір аумақтық және бір облыстық сайлау комиссиялары қатысады,-деді Жасұлан Сәкенұлы.

         Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале