2.11.2015, 19:21
Оқылды: 24

Деркөл ауылына апаратын Шаған өзенінің көпірі ашылды

Jana most    Бүгін қаладан Деркөл ауылына апаратын Шаған өзенінің көпірі ашылып, көліктер ағылуда. Көптен бері Зашаған кенті арқылы күніне 20-25 шақырым айналма жолмен қалаға қатынап жүрген деркөлдіктердің қуаныштарында шек жоқ.

Көпірдің барлық жөндеу жұмыстары аяқталғанымен, кедергілі қоршаулары әлі жасалмаған. Оны осы қараша айының ішінде аяқтау жоспарланған. Сондықтан әзірге көлік жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін, көпір үстінде көлік жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан асырмау қажеттігін еске салатын арнайы белгілер арқылы шектелген. Оны бейнебақылау камерасы және кезектегі  жол-потрульдік полициясы қадағалайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қаладан Деркөл ауылына қатынайтын көпір ағымдағы жылдың 12 тамызында күрделі жөндеуге жабылған болатын. Көпірді жөндеу жұмыстарына ҚПО б.в. компаниясы 190 млн. теңге бөлсе, Деркөл ауылына апартын тас жолды жөндеуге 780 млн. теңге қаржы бөлген.

www.zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале