9.03.2016, 11:27
Оқылды: 14

«Джип» алғанша, трактор алған тиімді

 Sirim djipp  Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен аудандағы ауылшаруашылығы саласының былтырғы жұмыстарының қорытындысы және 2016 жылы атқарылатын жұмыс жоспарларының жөнін талқылаған жиын өтті. Жиналысқа БҚО ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков,облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Ахметов және аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтарының жетекшілері,  селолық тұтыну кооперативтерінің жетекшілері мен ветеринарлық пунктардың жетекшілері қатысты.


Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қонысбай Молдағалиев баяндама жасады.  Сырым ауданы осы күні мал шаруашылығына қарай ыңғайлануда. Сондықтан, аудан үшін мал азықтық дақылдарды егудің тиімділігі бар екені айтпаса да белгілі. 2016 жылға 6 мың гектар көлемінде дәнді дақылдар, мың гектар көлемінде дәнді дақылдар, 3,2 мың гектар екпелі шөптер және 200 гектар майлы дақылдар егу жоспарлануда. Ендігі жерде жоспарланып отырған егіс көлемін толық егу үшін осы бастан қолда бар дәнді дақылдарды тұқымдық сапаға жеткізу керек.  Мамандардың айтуынша, біржылдық және көпжылдық екпешөптердің егу көлемін ұлғайту да мал азығы өндірісін алға жылжытады. Ауданның мал шаруашылығы саласында асылдандыру жағы алдыңғы тәртіпте тұр. Баяндамашы осы мәселелер жөнінде пікір - ұсыныс айтты.

Жиналыста аудандағы ветеринариялық жұмыстардың аяқалысы туралы ветеринария бөлімінің басшысы Шайхислам Райсов хабарлама жасады. Аудандық әділет басқармасының басшысы Нұрлы Қайыржанова ауылшаруашылығы кооперативтерінің жұмысына қатысты заңға, ал аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абылай Тажкенов ауылшаруашылығы саласының салық мәселелері жөнінде түсінік берді. Жұмысы жаңадан жолға қойылған «Сырым» несие серіктестігі азғана уақыт ішінде аудан шаруашылықтары үшін өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Осы серіктестік енді өз клиенттеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Бұл жөнінде серіктестік директоры Бақытжан Хамидуллин өз сөзінде толығырақ айтты.

Жиынның қорытындысында сөз сөйлеген БҚО ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков шаруашылық құрылымдарының өз саласы жөніндегі ақпараттарды білуге, түсінуге құлықсыздық танытатынын айтты. Бұл жалғыз біздің ауданға тән жағдай емес, жалпы ауылшаруашылық саласында кездесетін мәселе. Күні бүгін мемлекет тарапынан жеке шаруашылық құрылымдарын инвестсубсидияландыруды жүзеге асыру жағы қолдау алуда. Мемлекет осындай қаржылық қолдаулар арқылы шаруашылықтардың техникалық әлеуетін арттыруды қалайды. Басқарманың басшысы ауылшаруашылығы жағындағы аудан еңбеккерлерін инвестсубсидияның игілігін көруге шақырды. «Джип алғанша, трактор алған тиімді!» деді басқарманың басшысы. Жақсы сөз екен деп, біз де түртіп алдық. Жиын барысында айтылған кейбір мәселелерге облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Ахметов  жауап берді.

Жиналысты аудан әкімі Абат Шыныбеков қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале