30.03.2016, 12:05
Оқылды: 19

Дзюдошылардың жетістігі

  Janibek dziudo jetistigi       Жуырда Ресей Федерациясы Волгоград облысы Волжск қаласында күрес ардагерлерінің сыйлығы үшін дзюдодан 2000-2002 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында өткен ашық біріншілікке аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен тәлім алатын жас палуандарымыз қатысып қайтты.


Аталмыш жарыста 46 келі салмақта Данияр Қайыров қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңімпаз атанса, 55 келіде өнер көрсеткен Шыңғыс Еділбаев 3-орынға табан тірепті. Қос палуанның әлі де талай дүбірлі додаларда топ жаратынына үмітіміз мол.

www.zhaikpress.kz

Д.ҒИБРАТҰЛЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале