16.06.2016, 19:39
Оқылды: 18

ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНЫН ҚАБЫЛДАДЫ

????????????????????????????????????

Бүгін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин дзюдо күресінен спорт шебері, ҚР чемпионы Бейбіт Мәдиевті қабылдады.


Бейбіт Мәдиев – дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі. Бұған дейін татамиде топ жарып, биылғы жылдың өзінде талай жетістіктерге жетті. Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел чемпионы атанды. Бүгінде ол – дзюдо күресінен спорт шебері. Сонымен қатар Жапония елінде өткен оқу-жаттығу жиынына қатысып келсе, биылғы жылдың қыркүйек айында Үндістанда өтетін Азия чемпионатына дайындық үстінде екен.

Кездесуде Бейбіттің ұстазы Нұрлан Қажиақпарұлы, аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова дзюдо күресінен спорт шебері Бейбітке өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.

www.zhaikpress.kz
Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ
Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале