29.09.2015, 19:49
Оқылды: 20

«Динамо» - даңқты спортшылар ордасы

Dinamo   Қаламыздағы «Ақжайық» стадионында «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамынына 90 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.

         Шараны ашқан Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Динамо» қоғамының ұйытқы болуымен көптеген жан спортты жанына серік еткенін айтты. Аға буын өкілдері салып кеткен сара жол бүгін жас ұрпаққа үлгі. «Құқық қорғау органдарының алдына мемлекет тарапынан күрделі міндеттер қойып отыр,-деді Алтай Сейдірұлы.

-Сала қызметкерлерінің бұл тапсырмаларды ойдағыдай орындау үшін мықты денсаулық қажет. Ал спорт денсаулықты нығайтады. Сол себепті «Динамо» қоғамы мемлекет үшін де маңызы зор».

Өз кезегінде сөз алған БҚО ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Берік Өтеулиннің сөзіне қарағанда, 90 жылдық аясындағы мерекелік шара 18 қыркүйекте басталды. Алматыда өткен республикалық шараның ашылу салтанатына ҚР Ішкі істер министрі, «Диномо» ДСҚ-ның төрағасы Қ.Қасымов қатысқан. Оған әлемнің 14 елінің өкілдері келді. Қазір бұл эстафета өңірлерде өз жалғасын табуда. «Диномолықтар» әлі күнге дейін ел спорттың дамуына айырықша үлес қосып келеді.

Мерейтой аясында отставкадағы милиция полковнигі Карл Махамбетовты еске алуға орай шағын футболдан сайыс өтті. Құқық қорғау органдарының он командасы сынға түскен сайыс нәтижесінде БҚО төтенше жағдайлар департаментінің құрамасы бас жүлдені еншіледі. Қалған жүлделі орындарды БҚО ҰҚКД мен «Бүркіт» арнайы бөлінісі жасағанының командалары өзара бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале