18.02.2016, 18:44
Оқылды: 172

Дина Кенжеқызы Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толуына орай мәдени шара оздырылды

 Janakala kyi anasi  Ағымдағы жылдың 15 ақпан  күні  Жаңақала аудандық  Дина  Нұрпейісова  атындағы  өнер  тарихы музейінде  қазақ  өнері  мен  мәдениетіне өлшеусіз  үлес  қосқан, күйшілік  өнерде  тұтас  бір  дәуірді  тудырып, қайталанбас  өнер  жасап  кеткен  Дина  Кенжеқызы  Нұрпейісованың  туғанына  155 жыл  толуына  орай   мәдени шара  оздырылды.


Жас  ұрпақты  өнер  сүйгіштік  сезімге, өз  халқының  әдеп-ғұрпы  мен  мақсат-мүддесіне  сызат  түсірмей  қорғауға, «Домбыраның  Жамбылы»- Динаның  өнерін  үлгі  етіп, күйлерін  тыңдай  білуге  тәрбиелеу  мақсатында  өткен  шараның  әсерлі  өтуіне Жаңақала аудандық  Қали  Жантілеуов  атындағы  саз  мектебінің  ұстаздары  мен  шәкірттері    ат салысып,  Дина  анамыздың  күйлерін  нақышына  келтіре орындады.

      Алдымен  өнер  музейінің  зал  жүргізушісі  Сымбат  Талғатқызы  Дина Нұрпейісованың өмірбаяны, өнер  жолы  хақында «Күй  анасы»тақырыбында  баяндама  оқыса, артынан  «Қазақстан  Орал» телеарнасының  мұрағатынан  алынған  дәулескер  күйшінің «Науай» күйі көгілдір экран арқылы  көрермендер  назарына  ұсынылды.

      Күй  тартушыға  қарап  шабыттанып  шығарған  ақын  Ғайсағали  Сейтақтың және  де  жерлес  ақынымыз  Закария  Сисенғалидің «Уақытта  Динасына  тағзым  етті»  сынды  өлеңдері  оқылды.

     Шара  соңында  құрметті  қонақтар  аудан әкімінің орынбасары Айзада Бекетқызы,  Нәсіпқали  Мақанұлы, Нұралы  Сапарғалиұлы, Ғиният  Қарағойшыұлы, Шайдолла Ишанғалиұлы, Дина  музейінде  қызмет  атқарған зейнеткер Уасиқа  Мақанова  апайымыз өз  пікірлерін  айта отырып, ризашылықтарын  білдірді.

 Осындай көлімді шараны өткізбес бұрын  Дина анамыздың ұрпағымен жүздесіп келуді жөн санаған  мұражай ұжымы  8 ақпан күні Дина анамыздың туған жері Көпжасар елді мекеніне экспедиция ұйымдастырған болатын.  Экспедиция барысында Дина Нұрпейісованың  жиені Ұлмекен Өтегенқызымен кездесіп, хал жағдайын біліп, сый сиапат табыс етілді. Соңынан  мұражай ұжымы Ұлмекен әжемен фотосуретке түсіп, сұхбаттасып, Дина Нұрпейісова туралы айтқан Ұлмекен әженің ақ жарқын әңгімесін  үнтаспаға жазып алды.  Өзін қадір тұтып, арнай ат терлетіп келген мұражай ұжымына  93 жастығы Ұлмекен әжеміз  ризашылығын білдірді. Және алдаға өткізілетін шараға денсаулығына байланысты келе алмайтындығын айтып,  рахметін жеткізді.

      Сонымен қатар  экспедиция мүшелері  Дина анамыздың жиені Ниетқали ағамыздың қызы Роза апайдың уйінде тұрған Дина анамыздың тұтынған улкен айнасын көріп,  тамашалап қайтты. Бұл өте құнды жәдігер болғандықтан, алдағы уақытта мұражай басшылығы құнды жәдігерді  музейге алу мақсатында жұмыстанабақ.

   Дина  анамыздың  шығармалары  кең  таралған, оларды  мектеп  оқушылары  да, әуесқой  күйшілер  де, кәсіби  шығармашылық  ұжымдарда  орындайды. Өз  заманының  бар  болмысын  тамаша  бейнелеген  Дина  күйлері  өзінің  мазмұндылығымен, маңыздылығымен, сұлу  сазымен  қазақ  аспаптық  музыкасының  алтын  қазынасының  біріне  айналды. Қара  домбыраны  өзіне  серік  еткен  күйші  анамыздың  рухы  туған  жері  мен  елін  қашанда  желеп-жебеп  жүргей!

www.zhaikpress.kz

Нұрғали ҒАББАСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале