14.04.2016, 12:00
Оқылды: 26

Дияс – екі дүркін чемпион

Taskala 4empion     Жақында Алматы қаласында пауэрлифтинг пен жатып көтеруден қазақстан чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеге ауданымыздың 4 спортшысы қатысып, екеуі жүлдемен оралды.


     Айта кетер болсақ, жасөспірімдер арасында бақ сынаған Дияс Сигуатов 40 келі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен бірінші орын алып, екінші дүркін ел чемпионы атанды. Сонымен қатар Әскер Жұмалаев жаттығудың осы түрінен 2-ші орын иеленді.  Ал, ересектер арасында өнер көрсеткен аудандық құрама жаттықтырушысы Нұркен Маштаков пен Алмас Туркаев үшін бұл сайыс олжасыз болды. Келер жарыстар да жүлделі болғай.

 www.zhaikpress.kz

Р.Сатыбалдиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале