9.09.2015, 9:00
Оқылды: 39

Диқаншылар өз өнімдерін ұсынуда

Kaztalov baubaksha Аянбай еңбек еткен адамға бұл күндері табыс табу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Ауылда жүріп-ақ ақша табуға болады. Сондай кәсіптің бірі бау-бақша дақылдарын егу.

Ауданымызда диқаншылықпен айналысып, өз өнімдерінің жемісін көріп жүрген жандар аз емес. Көктем шығысымен жер төсін емген еңбекқорлар, жаз бойы күтіп-баптап, алған өнімдерін халыққа ұсынады. Соның бір айғағы аудан орталығындағы базарда бау-бақша өнімдерінің саудасы  қызып жатыр. Сонау басы Тайпақтан келген «Думан» шаруа қожалығының қауын-қарбыздары. Жергілікті диқандар Бостандық ауылының «Кемелбек» шаруа қожалығы, қазталовтық Алтынай Хайрушевалардың өсірген бау-бақша дақылдарын сатып алуға болады. Сапасы да жақсы, бағасы да қымбат емес. Еселі еңбектің нәтижесі осы емес пе?

www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале