16.11.2015, 9:36
Оқылды: 33

«Домбыра-дастан» байқауы

Shingirlau dombira dastan baikaui    Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Шыңғырлау колледжінде ауылдағы дарынды, өнерлі жандардың рухани-білімді және өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, халқымыздың ән-күйлерін бойларына сіңіру, жастардың шығармашылық қабілетін ашуға жәрдемдесу мақсатында домбыра аспабында күй, ән орындаушылар арасында «Домбыра-дастан» байқауы өткізілді.

Байқауға Алмаз, Ащысай, Амангелді, Ұрсай, Қызыкөл ауылдары мен аудан орталығынан келген 12 өнерпаз қатысып, бақ сынады.

І орынды халық әндерін нақышына келтіріп орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген алмаздық Берік Райымқұлов, ІІ орынды Тілекші Кереев пен Нұрбай Қазымов иеленді. Ал, ІІІ орындарды Шыңғырлау ОЖББМ оқушысы Серікбай Нұрхат, «Айгөлек» балабақшасының қызметкері Данагүл Ахметова, ұрсайлық Мирас Мукаримовтар бөлісті.

Сонымен қатар Шыңғырлау колледжінің студенті Нұрсұлтан Галиев, Аманкелдіден келген өнерпаз Айгүл Ерғалиева, Қызылкөл ауылынан келген Лейла Бақтығали ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

www.zhaikpress.kz

Қалампыр Әленқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале