14.09.2016, 12:26
Оқылды: 47

Донорлықты дамыту жайында кеңесті

  %d0%b4%d0%be%d0%bd%d0%be%d1%80%d0%bb%d1%8b%d0%baОблыстық клиникалық аурухананың базасында «Қазақстан Республикасында трансплантациялық үйлестіру және қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамыту сұрақтары» тақырыбында өңірлік кеңес өтті.

  Кеңес жұмысына республикалық трансплантациялық үйлестіруші Ғалымжан Рақышев, Астана қаласы бойынша стационарлық трансплантациялық үйлестіруші, медицина ғылымдарының кандидаты Бақыт Жарқымбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандары қатысты.


  Жиын барысында елімізде трансплантациялық үйлестіру қызметін дамыту, ағзалық донорлықтың ұйымдастыру-құқықтық сұрақтары, қайтыс болған адамның ағзасын алу жұмысындағы анестезиолог-реаниматогтың рөлі, «Күту» парағын қалыптастыру  жайы сөз болды.

  Республикалық трансплантациялық үйлестіруші Ғалымжан Рақышевтің айтуынша, елімізде ағзаны ауыстыру жұмыстары басталғанына төрт жылдай уақыт болды. Осы қысқа мерзімде талай адамның өмірі трансплантацияның арқасында сақталып қалды. Астана, Алматыда трансплантациялық орталықтар құрылды. Сонымен қатар бірқатар ірі қалаларда ішінара ота жасау қолға алынды. Мысалға, Шымкентте 3 адамға бүйрек ауыстырылды, биыл Ақтөбеде 2 ота жасалды. Медицина соншалықты күшті болғанымен кейде адамның ағзасы қызмет етуге жарамсыз болып, оны ауыстыру қажеттігі туады.%d0%b4%d0%be%d0%bd%d0%be%d1%80

  Өңірдегі 30 шақты науқасқа сондай ота Астана, Алматы қалаларындағы орталықтарында жасалған. Негізінен жүрек, бүйректерін ауыстырған. «Бүгінде  облыста бүйрек жетімсіздігі бойынша 140-тан астам науқас есепке қойылған. Ерте ме, кешпе оларға бүйректі ауыстыру отасын жасау керек. Мемлекет бұл мақсатқа қомақты қаржы бөлуде. «Денсаулық» бағдарламасында бұл жағы қарастырылған. Облыс бойынша 96 ауру ағза ауыстыру кезегінде тұр. Сондықтан Астанадағы орталықпен екі араны дәнекерлеп, байланыстыратын үйлестіруші керек деп шештік», - деді басқосуда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов. Аталмыш басқарма басшысының  бұйрығымен аймақтық трансплантациялық үйлестіруші  болып облыстың бас онкологы, медицина ғылымдарының кандидаты Тайман Аманов, стационарлық үйлестіруші болып танымал дәрігер, реанимациялық бөлімшенің меңгерушісі, облыстық аурухананың анестизиологы Виктор Ширяев тағайындалғаны мәлім болды.

  Облысымыздағы 30 науқас ағза ауыстыру отасыннан өткен. Олардың 26-сына бүйрек, екеуіне жүрек, төртеуіне бауыр ауыстыру оталары жасалған. Бұлар негізінен туыстық, бауырлық трансплантация, яғни тусының немесе бауырының тиісті ағзасы алынып, науқасқа салынады.

  Жиында қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамытудың Қазақстанда өзекті тақырып болып отырғаны айтылды. Бұл жайында халыққа кеңінен түсіндіру тек дәрігерлердің емес, бүкіл қоғамның азаматтық міндеті болып табылады.

Гүлнар Шәңгерей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале