18.05.2015, 17:42
Оқылды: 14

Достықты ту еткен Ассамблея

  Kogershin yshiru«КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан - менің Отаным!» атты мәдени шара өтті. Оған  Қазақстан халқы Ассамблеясы БҚО филиалы хатшылығының меңгерушісі  Ғайса Қапақов, Ассамблея мүшелері Д. Саратов, В. Шохина, Ф. Баюканский бастаған  облысты мекендеген ұлт өкілдері мен әжелерден құрылған «Ару аналар» ансамблі қатысты. Шараны «КазИИТУ» ғылыми-білім  кешенінің құрылтайшысы, академик  Ақсерік  Әйтімов   құттықтау сөз сөйлеп ашты.

Шараға жиналған көпшілік жауынға қарамай оқу орны студенттері әзірлеген концертті тамашалады. Оля Расторгуева «Қазақстан жері» атты әнді орындады. «КазИИТУ» ғылыми- білім кешенінде 14 түрлі ұлт өкілдері білім алуда. Бұл туралы аталмыш кешеннің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Сайранбек Ахметов  сүйсіне әңгімеледі.

Шара соңында  қатысушылар достығымыз нығая берсін деген ақ тілекпен көкке ақ көгершіндерді ұшырды.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай САРИЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале