24.06.2016, 16:25
Оқылды: 26

«Достық керуені»  Жаңақалаға жетті

dostyk kerueni Zhanakalada23 маусым күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр бастаған делегация эстафетаны табыстау үшін Жаңақала ауданына келді.


Алдымен ел қонақтары аудандық мешіт жанынан ашылған діни сауат ашу орталығында болып, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұдан соң Жаңақаланың орталығындағы «Тастөбе шайқасы», «Бөкей көші» ескерткіштері мен «Даңқ саябағына» ат басын бұрды. Кейін саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, аудандағы әлеуметтік нысандарды аралады.

Жаңақала ауданымен танысқан қонақтар жергілікті мектеп-гимназиясы мен рухани орталықта «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел соңында Жаңақала ауданы әкімі Л.Рашидұлы мен Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Мағазұлы ауданаралық «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында ортақ меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ осы жиында Қазталов ауданы әкімі Н.Мағазұлы жаңақалалық Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Жадановқа, А.Қойысовқа, М.Мирмановқа, мемлекеттік қызметкерлер күніне орай аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ж.Семеновке және Жаңақала мектеп-гимназясы ұжымына сый-сияпат жасап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Одан әрі дөнгелек үстел қайырымдылық шарасымен жалғасты.

Содан соң қонақтар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ауданмыздағы мәңгілік алау стелласы мен Жаңақала ауданынан шыққан төрт Кеңес Одағының батырларының ескерткіштеріне  және  алыптар алаңына  гүл шоқтарын қойып,  тағзым етті. Шара соңы мерекелік концерке ұласты.

www.zhaikpress.kz
Нұрғали ҒАББАС
Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИ
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале