3.06.2016, 13:19
Оқылды: 28

Достық үйінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты шара өтті

Otegulov Arman Dostik yi    Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Достық үйінде салтанатты шара өтті. Жиында Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамасында белгіленген шараларды жүзеге асыруға бірқатар мекеме-ұйым бірлесе атсалысып жатқанын атап өтті.


     Сонымен қатар жазда болатын өрттің алдын алу жұмыстары бойынша орманды қурап қалған ағаштардан тазарту, өңдеу жұмыстарын жүргізуге жаңа техникалар алынғанын атап өтті. Кейін экологтарды кəсіби мерекесімен құттықтады. Жиында табиғатты қорғау жəне насихаттау ісіне белсене қатысып жүрген мамандар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік орган қызметкерлері, экологиялық тұрғыда таза өнім алатын жəне жаңа технологияларды қолданатын кəсіпорындардың басшылары, экологиялық акцияларға белсене қатысқан жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарының өкілдері марапатталды.

   БҚО табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дəулетжановтың баяндауынша, биылғы санитарлық-экологиялық айлық аясында 26 699 тонна қоқыс тасылған. Соның ішінде Орал қаласынан 242 тонна қоқыс шығарылған. Бүкілəлемдік орман отырғызу күніне байланысты 61 855 дана көшет егілген. Орал қаласында өткен "Таза жағалау" акциясына 580 адам жұмылдырылған жəне 16 техника тартылған. Нəтижесінде 44 тонна қоқыс шығарылған. Санитарлық-экологиялық айлық аясында аудандарда "Таза көше", "Таза аула", "Таза ауыл" аталымдар бойынша байқау жеңімпаздары марапатталған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале