16.09.2016, 12:32
Оқылды: 21

Дуалды оқыту – заман талабы

%d0%b4%d1%83%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b-%d0%be%d2%9b%d1%8b%d1%82%d1%83-%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b1%d1%8b   Еңбек нарығында бәсекеге, өз мамандығы бойынша  жұмыс жасауға қабілетті мамандарды даярлау мақсатында заман талабына сай жұмыстанып келе жатырған Қаратөбе колледжінің  басшысы Мәулен Салахадден бастаған ұжым қызметкерлері Мәлік Кашимов бастаған Тайпақ колледжіндегі әріптестерімен кездесіп, «Дуалды білім беруді оқу үрдісіне енгізу – заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде өзара пікір алмасты.


Айтулы шараға Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Сабиров, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдраш, Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалының директоры Рысты Тойшыбаева, Тайпақ колледжінің серіктестік басшысы Шынтас Кашимов, Қаратөбе колледжінің серіктестік басшысы Бекболат Бақытжанов қатысты.

         Шараға орай ауданға келген Нұрлан Меңешұлы мен Тайпақ колледжінің  делегациясы  Қаратөбе колледжінің жұмысымен танысты. Меймандар «ДЕМ» сусынын шығаратын цехта, М.Мерәлиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болды.

         Ауқымды жиында кәсіптік бағдар беру, кәсіби мамандар даярлайтын колледждерде дуалды оқыту жүйесі элементтерін енгізу мәселесі туралы кеңінен айтылып, осы мақсатта жүргізіліп жатырған жұмыстар мен алда атқарылатын ауқымды жұмыстар турасында әңгіме өрбіді.

         Бүгінгі күннің талабы – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы бойынша Нұрлан Сабиров, Қаратөбе колледжінің директоры Мәулен Салахадден, Тайпақ колледжінің директоры Мәлік Кашимов өз ойларын ортаға салса, осы мәселеге орай белсенді жұмыс атқарып жүрген серіктестік басшысы Бекболат Рахымғалиұлы, серіктес кәсіпкерлер Гүлнар Орынбасарқызы мен Сержан Саматұлы алғыс хатпен марапатталды.

         Қаратөбе, Тайпақ колледждерінің төртжақты меморандум мен келісім шарттарға қол қою рәсімі жүрді.

                                                                              

Ерболат РАЙСОВ

 Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале