15.04.2016, 11:25
Оқылды: 22

«Дубна» университеті: тегін білім алу жобасы

 ZH-350x35011   Халықаралық академиялық әріптестік  шеңберінде «Қазақстан  инновациялық және телекоммуникациялық жүйелері университеті» ғылым-білім кешені магистрлерді, бакалавр мамандарын және аспиранттарды, докторанттарды даярлайды. Осы тұрғыдан Ресейдің Мәскеу облысындағы «Дубна» табиғат, қоғам және адам халықаралық университеті -«ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің негізгі стратегиялық әріптесі. Бейсенбіде «Дубна» университеті өңір түлектерін бюджеттік орындарға оқуға түсу үшін өткізілетін сынаққа қатысуға ниетті өңір түлектері арасында өткізілген бірінші тестілеу жұмыстарының  қорытындыларын шығарды.


     Әліби Науханұлының айтуынша, жастар келісімшарт бойынша оқуларын аяқтағаннан кейін аталмыш білім-ғылым  кешенінде немесе облысымыздағы жетекші кәсіпорындарға жұмысқа орналасуларына толық мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінде Ресейден оқудан оралған бірқатар түлек университет қабырғасында табысты еңбек етуде.

     Биылғы жылы аталмыш ғылым-білім кешенінің жүргізген жұмыстарының  нәтижесінде «Дубна» университетімен батысқазақстандықтарға 30 орын бакалавриатқа, 10 орын магистратураға бөлінді. Жастарымыздың құжаттарын тапсыру, емтиханға қатынасу, оқуға қабылдау «КазИИТУ» білім-ғылым кешенінің қабырғасында өткізілмек.

     -Сәуірде өткізілген «Дубна» университетіндегі бюджеттік орындарға оқуға түсу үшін өткізілетін сынаққа қатысуға ниетті өңір түлектері арасында олимпиада өткізгенбіз. Бүгін сол тестілеудің қорытындысын шығардық. Жұлдыздай жарқырайтын оқушыларды анықтап жатырмыз. Негізінен биотехникалық жүйелер, бағдарламалық инженерия, ақпараттық-инновациялық жүйелер және өзге де бағыттар бойынша өткізілген тестілеуге 60-тан астам ұл-қыз қатысты. Олар математика, физика, орыс тілі, информатика, география пәндерінен тесті тапсырды. Біздің ЖОО-ға оқуға түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсырудың қажеті жоқ, Еуразиялық әріптестік шеңберінде Ресей Федерациясының Білім министрлігі дайындаған арнайы тестілеу сынағынан өту қажет, - деді «Дубна» табиғат, қоғам және адам халықаралық университетінің кафедра меңгерушісінің орынбасары  Екатерина Шамаева.

     Аталмыш ресейлік университетің профессоры, техника ғылымдарының докторы, М.Ломоносов атындағы МГУ-дың география факультетінің жетекші ғылыми қызметкері Сергей Кибальниковтың айтуынша, бұл жоба математикаға, физикаға, информатикаға құмар дарынды түлектерден материалдық тәуекелдерді талап етпейді, алаңсыз білім алулары үшін жатақханадан орын беріліп, шәкіртқақы төленеді. Бір сөзбен айтқанда, оқимын деген жас тегін әрі сапалы  білім алады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале