27.07.2015, 19:36
Оқылды: 28

Думанды менің ауылым

Janibek dumandi menin auilim   Өткен сенбінің кешінде, әдеттегідей, Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағынан табылған Жәнібек ауылының тұрғындары мен қонақтары Тау ауылдық округі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Алдымен аудан әкімі Мұрат Мұқаев осы ауылдан келген сауда жасаушыларға, қолөнер көрмесіне назар аударып, олардың қатарын аудан активінің мүшелерімен бірге аралап өтті. Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мақсат Жаналиевтің алғысөзінен кейін концерт басталып жүре берді. Дуэттің орындауында «Ризамын» әнімен ашылды сахна шымылдығы. Оны әрі қарай Аслан Есенов «Алға» әнімен, сәмбі талдай майысқан «Асыл» бишілер тобы «Түрік биімен» іліп әкетті. Айнагүл Жұмашеваның орындауындағы «Арманыма асығамын», Інжу Мұхтар сызылтқан француздың әні «Жо тэм», жас әнші Баймағанбет Ажығалиев шырқаған «Кел дедім» әндері өз тыңдармандарын тауып жатты. Назерке Сүйінішева ақын Қалқаман Сариннің «Соңғы үмітін» мәнерлеп, нақышына келтіре оқыса, Бағдагүл Қарабасова «Биле,биле», Әлібек Мұхтарұлы «Еркеле» әндерімен көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Міне, шаңырақ көтеріп, отау құрғалы жатырған жас жұбайлар шықты ортаға қол ұстасып. Оларды Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мақсат Жаналиев заңды некелерімен қызу құттықтап, ізгі тілегін арнады, шағын сыйлық табыс етті. Жас отау иелерінің құрметіне Елжан Бисенғалиевтің орындауында «Періштем» әні кетті қалықтап. Нұрлы Ғайсина «Сүйіктім» әнімен жиналған қауымның сүйіспеншілігіне ие болса, ауыл жастарының «Жастар» биі мен дуэт орындаған «Она вернется», «Келші, жаныма» әндері де тыңдармандар тарапынан өз бағасын алғаны анық. Таулықтардың бас-аяғы шып-шымыр концерттік бағдарламасы Аслан Есеновтің орындауында «Қазақстан» әнімен түйінделді.

www.zhaikpress.kz

 Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

  Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале