10.10.2016, 11:37
Оқылды: 28

Дінді ұстай алсаң - қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің

%d0%b4%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96-%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b9-%d0%b0%d0%bb%d1%81%d0%b0%d2%a3-%d2%9b%d0%b0%d1%81%d0%b8%d0%b5%d1%82%d1%96%d2%a3-%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b9-%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0   «Парасат» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ. Қуанышбайұлы бастаған делегация және Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы М.Әбдрахманов, ішкі саясат бөлімінің әдіскері Ы.Суюсанова оқушылардың жат ағымның жетегінде адасып қалмасы үшін және діни экстремизм жөнінде кеңінен мағлұмат беру үшін пәрменді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


Кездесуге Ақсай қаласының барлық мектептерінен оқушылар қатысты. Жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берілді жəне түрлі толғандыратын жеке сұрақтары бойынша сенім телефондарына хабарласуға болатындығы,  діни кітаптар көрмесі ұйымдастырылды, кітаптарды мешіттен немесе арнайы бекітілген стационарлық орыннан , ал басқа жерден сатып алған жағдайда кітаптың бірінші бетінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы немесе дін істер агенттігі оң бағасын берген деген рұқсат сөз болуы қажет екендігі айтылды. Хиджаб, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою мәселелері түсіндірілді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале