15.09.2015, 17:47
Оқылды: 15

Діни ахуал тұрақты

Dini ahual tyrakti  Бүгін "Қазақстан-Орал" телеарнасында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингке облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығмет, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Руслан Сұлтанов, облыстық прокуратураның экстремизм және терроризмге қарсы күрестің заңдылығын қадағалау бөлімінің басшысы Алмас Оңаев келді. 

Брифингке қатысушылар облыстағы діни ахуалдың тұрақты екендігін алға тарта келе, діни әдебиеттерді татартуға және сатуға арнайы орындар белгіленгендігін, діндегі жиһад ұғымын өз ыңғайларына бұрмалап алып, өзге елдердегі қанды қақтығыстарға қатысуға кеткен жекелеген батысқазақстандықтардың үстерінен қылмыстық іс қозғалғандығын мәлімдеді. Сондай - ақ облыстың өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам - Құрбан айттың уақыты мен онда атқарылатын ізгі амалдар турасында тәлімді сөз сабақтады.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале