27.05.2016, 15:34
Оқылды: 24

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданы орталығындағы «Нұр Отан» партиясы ғимаратында  аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті.

    Жиынға кеңес мүшелерінен бөлек, құқық қорғау орган өкілдері, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, медицина, мәдениет саласы қызметкерлері, аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, мектеп директорлары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар қатысты.


    -Қазақстан – көпұлтты және сан саналы діни сенімдер мен діни бағыттар түрлі тарихи жағдайларда қалыптасқан көпконфессиялы ел. Сондықтан  еліміздегі ұлтаралық келісім мен діндердің үндесуі мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Қазіргі таңда діннің атын жамылып ел тыныштығын бұзып, адам өміріне қауіпті әрекеттер жасап жатқан жағдайлар белең алуда. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанында кеңес және 14 адамнан тұратын діни толлеранттылық, діни экстремизм мен торроризмнің алдын алуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық-насихат тобы жұмыс жасап отыр,-деп кеңесті ашты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс. Одан кейін ол жиналғандарға аудандағы діни ахуал жайы мен 2015 жылы атқарылған іс-шараларды қорытып, үстіміздегі жылы жүзеге асуы тиіс жұмыс жоспарымен таныстырып, аудандық ақпараттық-насихат тобының іске асқан жұмыстары туралы баяндады.

    Кеңес барысында аудан мектептеріндегі «Дінтану» пәнінің берілуі және оқушылармен діни экстремизмнің алдын-алу бағытында қандай жұмыстар атқарылғаны жайында білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин баяндама жасаса, ал Трекин, Мичурин, Переметный және Достық округтеріндегі діни ахуал жөнінде ауыл әкімдері мен әкімшілік қызметкерлері толық мағлұмат берді. Айта кету керек аталған округтерде  дәстүрлі емес дінді ұстанған азаматтар көп болып отыр. Олармен байланыс жасап, райларынан қайтару жұмыстары барынша жүргізіліп жатқаны,кейбіреулері әкімшілік қызметкерімен тіпті байланыс жасағылары келмейтіндігі де жиын барысында сөз болды.

    Сондай-ақ, теріс діни ағымның жетегіне еріп, міндетті екпеден бас тартқан аудан отбасыларының жәйі де кеңесте айтылды. Қазіргі таңда екпеден бас тартып отырған жандардың саны мен олар туралы мағлұматтармен аудандық орталық аурухана директоры Тимур Мұсағалиев пен Дариян ауылының аурухана директоры Ғабитжан Ислямов құлақтандырды. Қос дәрігер басшының айтуынша, екпеден бас тартып отырған жандардың көбі ол әрекетін өздерінің дінімен байланыстыратын көрінеді. Ал ауыра қалса, дәрігер шақырып, көмектесулерін сұрайды екен. Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын қарастырған тиімдірек екенін ескерсе екен дейміз аталған азаматтарымыз.

    Жиын барысында аудандық мешіт имамы Әзілхан Бисенғалиев, Дариян ауылындағы мешіт имамы Азамат Әбдірахманов, провослав шіркеулерінің протоиериі Георгий Лемачко, аудан орталығында салынып жатырған шіркеу иерейі Гоергий Владимирович және  баптисттер шіркеуінің присвиторы Виктор Демяшевтер де сөз алып, екпеден бас тарту, басқаны кәпір санау, ешбір дінде кездеспейдігін айтып, ұрпағының денсаулығы мен елінің тыныштығын ойламайтын жандарды райынан қайтару үшін өз қолдарынан келер көмектерін аямайтындығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале