6.10.2016, 17:21
Оқылды: 19

Діни радикалды ағымдар туралы жастарға түсінік берілді

%d0%b4%d1%96%d0%bd%d0%b8-%d1%80%d0%b0%d0%b4%d0%b8%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b-%d0%b0%d2%93%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%b0%d0%bb%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80   БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Жарасқан Сабырғалиевтің, БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Жол және техникалық инспекция бөлімінің инспекторы полиция майоры Тимур Майрановтың ұйымдастыруымен семинар-тренинг болып өтті.  Іс-шараның негізгі тақырыбы - «Діни терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау». Шараға Орал қаласындағы №1 кәсіптік лицейдің 60-қа студенттері және дәріс қонағы ретінде облысымыздағы дінтанушы Романқұлов Әсет Исламбекұлы қатысты.


Жастар теріс діни ағымдардың кесірі жөнінде не біледі? Түрлі секталардың шырмауына түспес үшін алдын - алу шараларына қанық па?

Осынау түрлі сауалдарға  арнайы маман иесі студенттерге дін саласындағы мәселелер жайлы коптеген ақпараттар берді. Жиынға қатысушылардың барлығына осы тұрғыда ақпараттық материалдар таратылды. Онда қоғамымызда теріс діни ағымнан зардап шеккендердің тағдыры мен суреттері анық көрсетілген.

Әңгімелесу барысында жастарға қазіргі қоғамда орын алып жатқан сұмдық оқиғалардың себептері, шынайы діни көзқарас, жалпы ислам дінінің, мұсылмандықтың, имандылықтың негізгі қағидаттары туралы сөз қозғалды.  Сонымен қатар, жиналған жастар тарапынан да дін саласындағы көкейкесті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, отырыс белсенді өтті. Дәріс соңында аталған лицейдің тәрбие істері жөніндегі меңгерушісі Джумабекова Бибігүл Ермекқызы қазіргі қоғамдағы ақ-қарасы анық емес діни экстремизм және терроризм тәрізді тақырып бойынша студенттер арасында дәріс оқып, ат салысып қатысып, жастар ісіне ден қойғандары үшін шексіз алғысын білдірді.  Баяндамашылар діндегі радикалды ағымдардың қоғамға қауіп-қатерін, өзге дін өкілдерімен қарым қатынасты, жалпы дін туралы түсінік пен Ислам дінінің Қазақстанға таралуы тарихын толыққанды тарқата сөз етті.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале