21.04.2016, 18:31
Оқылды: 46

«Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! Ел болашағы – жастар!» атты байқаудың жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды

Dinindi satpa saltindi sakta     Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда «Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! Ел болашағы – жастар!» атты «10 күндік» байқаудың жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды. Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқауға облысымыздағы мектептер мен колледждерде оқитын 14-22 жас аралығындағы өнерпаздар қатысқан.


     Шығармашылық сайыстың мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің, деструктивтік діни ағымдардың қоғамның дамуына кері ықпал ететінін жастарға ұғындыру, дінаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, дәстүрлі діни құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді насихаттау. Соңғы екі ай бойы байқауға жолданған екі жүзге тарта туынды сарапқа салынды. Нәтижесінде «Үздік монолог» аталымын Қаратөбе аудандық колледжінің студенті Рысгүл Наурызбаева, «Үздік сурет» аталымын Орал қаласындағы экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Райхангүл Жайлиева, «Үздік әлеуметтік жарнама» аталымын облыстық балалар үйінің өрені Владимир Сарафутдинов, «Үздік сурет» аталымын облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі Еламан Төлепов, «Үздік бейнеролик» аталымын Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері, «Үздік театрландырылған көрініс» аталымын Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары иеленді. Байқауда озық шыққандар облыстық филармония әншілері мен «Назерке» халық би ансамблі қатысқан концертті тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале