31.10.2016, 19:18
Оқылды: 37

Дін және БАҚ

din   «Жайық Пресс» медиахолдингінің мәжіліс залында «Дін және БАҚ»  тақырыбында семинар-кеңес өтті. Дін мәселесі бойынша өңірімізге арнайы келген  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің бастамасымен құрылған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері бірқатар іс-шаралар өткізбек. Олардың қатарында  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы, теология ғылымдарының докторы Балғабек  Мырзаев, республикалық Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының  христиандықты және Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни ағымдарды зерттеу бөлімінің басшысы Галина  Новикова, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының исламтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері Марлен Муслимов бар.

Облыстағы дін мәселесімен айналысатын журналистердің діни сауаттылығын арттырып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысын нығайтуды мақсат еткен семинарға облыстық журналистер пулына кіретін облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі басылымдардың және телеарналардың журналистері қатысты.  Облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығыметовтың айтуынша,  арнайы медиа- жоспарларды  жүзеге асыру негізінде БАҚ-пен байланыс жақсарып келеді.  Құрамына 25 журналист кіретін облыстық пул арқылы арнайы журналистік зерттеулер ұйымдастырылып, дін саласындағы өзекті мәселелер жиі қозғалып жүр. Мәселен, «Қазақстан-Орал» телеарнасында эфирге шығатын  «Ғибрат» рухани-танымдық бағдарламасында бүгінгі қоғамда белең алып отырған теріс діни ағымдардың кері әсері мен қаупі, дәстүрлі ислам діні туралы, өзге де дін саласындағы өзекті тақырыптар туралы айтылып жүр. Сонымен қатар «Қазақстан-Орал» радиосында апта сайын «Руханият/Духовность» радиобағдарламасы ұйымдастыруда. 2014 жылдан бастап облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде дін тақырыбына арналған арнайы айдарлар жарық көре бастады. Ағымдағы жылы БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының мемлекеттік тапсырысы негізіндегі 2 млн. 284 мың теңгеге бөлініп, облыстық  газеттерде «Руханият/Духовность» атауымен арнайы бет шығарылуда.  Сондай-ақ облыстық дін істері басқармасының бастамасымен, Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылдан бастап облыс журналистеріне арналған «Руханият» шығармашылық конкурсы өтіп келеді. Биылғы  байқауға конкурстық жұмыстар 15 қарашаға дейін қабылданады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек  Мырзаев қазіргі дін саласындағы өзекті мәселелер туралы ой қозғады. Жастарымыздың жат ағымдарға арбалуы, діни сауаттылықтың төмендігі, заңды білмеуі, әлеуметтік желілерде заң шеңберінде тыйым салынған кітаптарды насихаттауы туралы кеңінен айтып берді.    Екі сағатқа созылып, тартысты өткен семинарда жергілікті журналистер өздерін алаңдататын сұрақтарды ортаға салды. РАТТ жұмысы облысымызда бірнеше күнге жалғаспақ.

Гүлжамал   ЖОЛДЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале