23.11.2016, 17:12
Оқылды: 21

Әйел адамның діндегі рөлі

%d0%b4%d1%96%d0%bd-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d3%99%d0%b9%d0%b5%d0%bb

Бүгінгі күнде қоғамда  теріс ағымдардың  пайда болуы, жастардың соларға ілесуі – болашақ үшін қауіпті құбылыс болуда. Сана-сезімдері қалыптаспаған жастарды діни экстремистік ұйымдар өз мақсаттарына пайдаланып кетеді. Осы орайда жастар тәрбиесінде  әйел адамдардың алар орны ерекше.

23 қараша күні аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  «Дін және әйел» атты конференция өтті. Конференцияда қоғамдағы әйелдердің рөлі тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева баяндама жасады. Конференцияда осы мәселеге байланысты К.Меңдәлиев мектебінің директоры Салтанат  Өтеғұлова, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Рамиля Сұпығалиева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Конференцияда БҚО дін зерттеу орталығының  теолог маманы Бауыржан Қожагелдиев ислам дінінің қоғамда алатын рөлі туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды. Конференция тақырыбы аясында поэзия, прозадан үзінділер оқылып, слайд көрсетілді.

 

Жұлдыз Асқар

 www.zhaikpress.kz     

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале